СКАЧАТЬ ЭТО ВИДЕО ►

Видео

Оның біреуі – жастан енді асқан бүлдіршін. Қайғылы жағдай «Шымкент-Ташкент» күре жолында орын алған.

Түнгі сағат үш жарымдар шамасында «БМВ» маркалы жеңіл машинасы ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік жаншылып қалған. Оның жүргізушісі мен жолаушыларының мәйітін құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен шығарып алған. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің ішінде болған төрт жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен.

Ал бір жасар қыз бала жедел жәрдем көлігімен Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қаншама арпалысқанымен ауыр дене жарақатын алған бүлдіршіннің өмірін ажалдан арашалай алмады.

Талғат Шауенов, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының дәрігер-хирургы

-Бас сүйегінің сынуы, мидың жарақаты. Осы бір 5-10 минуттың ішінде қыз қайтыс болды. Жарақатының түрі өте ауыр. Туыстары, бәрі сол жерде қайтыс болып кеткен.Сондықтан баланы біз сот медициналық экспертизаға жібердік.